Меню KDT

Көңілді үзіліс

05.02.2025ж .күні мектебімізде “ Өзін-өзі басқару” ұйымы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және белсенділіктерін арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара ұйымдастырды.  Шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, оқушылардың жылдамдығы, тапқырлығы мен ұйымшылдығы сыналды. Белсенді қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергіту сәті сыйланып, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.  «Көңілді үзіліс» оқушылардың мектеп өміріне қызығушылығын арттырып, олардың бір-бірімен жақын араласуына мүмкіндік берді. Іс-шараға белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! #біртұтас_тәрбие #көңілдіүзіліс



Комментариев нет
Просмотров: 181
Автор: b21mangystaubilim
Сайт: b21.mangystau.agartu.kz
Добавлено: 06.03.2025 в 13:19