Меню KDT

"Ұршық иіру" шеберлік сағаты.


«Әжелер мектебі» 1 «С» сынып оқушыларына ұршық иіруден ұлттық құндылықтың ұмыт қалмауына үлес қосып шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты: Бір кездері аналарымыздың қолынан түспеген ұлттық жәдігеріміз ұршықты ұлықтау арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.  Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, мықты тоқыма жіп алу тәсілі. Ұршық негізгі үш бөліктен құралады. Олар- ұршықтың басы, сабы және мұрындығы. Ұршықтың басын тығыз ағаштан ойып, жұмсақ тастан қашап, қорғасыннан дөңгелектеп құйып жасайды. Ұршық басының ауыр не жеңілдігі иірілетін жіптің жуан-жіңішкелігіне сәйкес болуы керек. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 22
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 19.03.2025 в 22:49