Меню KDT

Заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу


2025 жылдың 26 ақпан күні мектебімізде “Заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу” мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында мектепте кез келген заңсыз ақша жинаудың алдын алу шаралары талқыланып, ата-аналарға бұл мәселеге қатысты құқықтық нормалар түсіндірілді. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі тарапынан ата-аналарға білім беру ұйымдарында материалдық көмек көрсету ерікті түрде жүзеге асырылатыны және мәжбүрлі ақша жинау заңсыз болып табылатыны туралы ақпарат берілді.

Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарға жауап алды.









Комментариев нет
Просмотров: 105
Автор: 83mektep
Сайт: 83mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 26.02.2025 в 11:22