Меню KDT

Ақтөбе қаласы бойынша 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы ақпарат

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе олардың заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.


  • Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе олардың заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
  • Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
  • Өтініштер ES.EDU.KZ автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы өңделеді.
  • Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша 2025-2026 оқу жылында 1-сынып оқушыларының болжамды контингенті 10951 болса, оның 8108-і қазақ тілінде (74%), орыс тілінде 2843-і (26%).


Оқуға түсу кезінде көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өтініш берген білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағындағы алғашқы үш көрсетілетін қызметті алушыға оқуға қабылдау туралы, одан кейін – білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағынан емес 1 (бір) өтініш берушіге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғаны туралы, бірінші тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағынан емес 1 (бір) өтініш берушіге хабарлама жібереді.


Жаз мезгілінде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды дайындау мақсатында қала мектептерінде дайындық курстары ұйымдастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
  • № 065/у «Профилактикалық егу картасы» және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар;
  • 3х4 см өлшемдегі баланың цифрлық фотосуреті.


Комментариев нет
Просмотров: 69
Автор: alihan.esentai
Сайт: 20-mektep.edu.kz
Добавлено: 05.03.2025 в 09:25