Меню KDT

7 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте ата-аналар жиналысы өтті, онда маңызды тақырыптардың бірі «Балаларды терезеден құлап кетуден қорғау» болды.


7 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте ата-аналар жиналысы өтті, онда маңызды тақырыптардың бірі «Балаларды терезеден құлап кетуден қорғау» болды. Кездесуде еліміздің әртүрлі аймақтарында болған алаңдатарлық статистика мен нақты жағдайлар талқыланды. Ата-аналарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қауіпсіздік шаралары туралы еске салынды:
- балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз,
- терезелерге көтерілуге болатын жиһаз қоймаңыз,
- қорғаныс құралы ретінде москит торларына сенбеңіз,
- терезелерге арнайы бекіткіштер мен құлыптар орнатыңыз.
Сондай — ақ, ата — аналардың, мұғалімдердің және әкімшіліктің балалардың үйде де, мектепте де қауіпсіздігі мен оқушылардың тәртіп негіздері үшін бірлескен жауапкершілігінің маңыздылығы туралы айтылды.
Талқылауға келген және қатысқан барлық ата-аналарға рахмет. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!


Теги:  #біртұтас_тәрбие

Комментариев нет
Просмотров: 121
Автор: b1414skobilim
Сайт: school-14sko.edu.kz
Добавлено: 09.04.2025 в 09:49