Меню KDT

Жасыл мұра - ұрпаққа аманат!

"Түлектердің ағаш егуі"  атты эко-челленджі


2025 жылғы 25 сәуірде сағат 11:00-де республикалық "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында №73 мектеп-лицейінде "Түлектердің ағаш егуі"  атты эко-челленджі өтті.
Іс - шараға 11 сынып түлектері, мұғалімдер, ата-аналар мен жергілікті экологиялық ұйым өкілдері қатысты. Олар мектеп ауласында ағаш көшеттерін отырғызды. Әр түлек өз "естелік ағашын" отырғызып,  шара аясында экологиялық нұсқаулықтар беріліп, отырғызу аймағы дайындалды.
Челлендж "Жасыл мұра - ұрпаққа аманат!" ұранымен өтті. Іс-шара соңында ұжымдық фото түсіріліп, барлық 2025-ші жылғы түлектерді  Қазақстанды көгалдандыруға үлес қосуға шақыратын бейне үндеу жасады.



Комментариев нет
Просмотров: 68
Автор: 73mektep
Сайт: lyceum73.edu.kz
Добавлено: 26.04.2025 в 02:18