Меню KDT

№60 мектеп-лицейінің жас жол инспекторлары қалалық байқауда жеңіске жетті!


2025 жылдың 21 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен мектептер арасында өткен қалалық байқауға №60 мектеп-лицейінің жол қозғалысының жас инспекторлары отряды қатысты. Барлық мектептердің жас инспекторлары байқауға жоғары дайындықпен келген. Қатысушылар өте мықты өнер көрсетті. Байқау бағдарламасына жол қозғалысы ережелері бойынша 7 конкурс енгізілді.

2025 жылдың 21 сәуірінде Сарыарқа ауданы бойынша өткен кезеңде №60 мектеп-лицейінің жас инспекторлар отряды 1-орынға ие болды. Ал 2025 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы бойынша өткен қалалық байқауда біздің жас инспекторлар «Жүлделі орынға» қол жеткізді.

Осындай жетістіктерге жету үшін көп еңбек сіңірілді. Байқауға қатысқан барлық жас инспекторларға алғысымызды білдіреміз!
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жетістіктерге қол жеткізуімізге №60 мектеп-лицейінің директоры Роза Аблакимовнаның қосқан үлесі зор. Сізге үлкен алғысымызды білдіреміз!

№60 мектеп-лицейі әрқашан алға, алға!


Комментариев нет
Просмотров: 103
Автор: 60mektep
Сайт: www.60.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.04.2025 в 12:00