Меню KDT

Сайлау Біләловпен кездесу


2025 жылғы 29 сәуір күні мектебімізде көрнекті еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Сайлау Біләловпен тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты — оқушыларға еңбекқорлықтың, отансүйгіштіктің, елге адал қызмет етудің маңызын ұғындыру. Сайлау Біләлов өзінің өмір жолы, еңбек жолындағы жетістіктері туралы әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңесін берді. Ол шопандықтан бастап, Социалистік Еңбек Ері атағына дейінгі өмір белестерін шынайы мысалдармен айтып, еңбекпен келген жетістіктің қадірін түсіндірді.
Ұйымдастырушы: Мейрханова Ж.О


Комментариев нет
Просмотров: 65
Автор: bokeyhankrgsch
Сайт: karabokeyhan.edu.kz
Добавлено: 01.05.2025 в 03:55