Меню KDT

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы адалдық сағаты»


📍 Бүгін, 17 наурыз күні, А. Ермеков атындағы мектеп-лицейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында «Адалдық сағаты» өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Дәріс кезінде оқушылармен сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ күнделікті өмірде адалдық қағидаларын сақтау маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары өз ойларымен бөлісіп, өмірде адалдық қағидаларын қалай қолдануға болатыны туралы пікір алмасты.


Комментариев нет
Просмотров: 15
Автор: alimhan.ermekov
Сайт: alimhan.ermekov.cms.kdt.kz
Добавлено: 17.03.2025 в 11:16