"КӨКТЕМ АРУЫ 2025"
Наурыз мейрамына орай "КӨКТЕМ АРУЫ 2025" қыз сыны байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
Байқау 5кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Мен қазақтың қызымын" яғни, қыздар өздерін таныстырды. Екінші кезең "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерлерін көрсетіп,ән салып,би биледі. Үшінші кезең "Сұрақ-жауап" . Төртінші кезең "Қолөнер" .Бесінші кезеңде "Сән үлгісі. Әділқазылардың шешімі бойынша Бас жүлдені Ахметова Мәншүк, І орынды МақтабекАнель, ІІ орынды Ешмаханбетова Жансая, ІІІ орынды Шынболат Қаламқас жеңіп алды.