Меню KDT

«БІРІНШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ОҢ –АҒА»




Мемлекет және қоғам қайраткері, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесі және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Оңайбай Көшековтің туғанына 100 жыл.

Атырау облысы мемлекеттік архиві ұзақ жылдар Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, Атырау облысы мен Атырау қаласының және Махамбет ауданының құрметті азаматы Оңайбай Көшековтің 100 жылдығына «БІРІНШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ ОҢ –АҒА» атты архившілік фотосурет көрмесін ұйымдастырды.

Шараға Халел Досмухамедов атындағы Атырау университетінің практикант студенттері және магистранттары қатынасты. Мақсат: тағылымды жүздесу өткізе отыра, өзгермелі заманда өскелең ұрпақтың санасына елге еңбегі сіңген ардақтыларымызды үлгі тұту арқылы өз еліне жанашыр азамат болуларына ықпал жасау болды. Архив қызметкерлерінің мемлекет қайраткері Оңайбай Көшеков туралы тағылымды әңгімелерін тыңдаған магистранттар және студенттер архив деректері негізінде ғана өлкемізде Атырау өңірінің дамуына үлес қосқан Азаматтардың тарихымен танысқандарына ризашылықтарын білдірді.


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: alihan.esentai
Сайт: oblarchive.atyrau.gov.kz
Добавлено: 16.05.2025 в 16:38