Наурыз мейрамы 2025
Атырау облысы мемлекеттік архивінде 14 наурыз «Көрісу күніне» және 22 наурыз мерекесіне «Қош келдің, Әз Наурыз» атты бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен шара өтті. Шара барысында ұлттық өнер, ұлттық құндылық, ұлттық тағам туралытүсінік айтылып, ұлтымыздың қолданыстағы ананың әлди, баланы қырқынан шығару, бесікке салу рәсімдері, құрметті қонаққа тарту рәсімі, наурыз көже қадыр – қасиеті айтылып, дайындау тәсілі, соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм туралы жігіттердің сүйіктілеріне ұсынар «Селтеткізер» сый-сияпаттарының берілу жолдары және Қазақстанның Халық жазушысы Ильяс Есенберлиннің жазған тарихы эпоеясы «Көшпенділер» кітабының желісі бойынша ел үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырдың соғыста жараланып, есін жоғалтып, өмірге қайта келуі себебі, қазақ халқының ғажайп әдет-ғұрыптары, тылсым күш, сиқырлы дүниенің иесі – бақсы – балгер, әулие атанған көріпкел емшілердің қасиеті жөнінде шағын қойылым көрсетілді.