Меню KDT

Атырау облысы мемлекеттік архиві қор құжаттарынан дайындалған «Руханияттың ордасы театр» атты көрмені көрермендеріне ұсынды.


Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы екені қақ. Әрекетке құрылған сахналық ойын –сауықтың мазмұны, желісі мен идеялық негізі драма арқылы ашылады. Әрбір адам театрдан өзіне керек дүниені таба алады. Онда өмір шындығы да әзіл де, қайғы- мұң да, ән мен би де, жан тыныштығы да бар. Өнерпаздардың актерлік шеберлігі арқылы образдарды ашып көрсетуі, әрине жауапты іс.Театр әртістерінің ерен еңбегі мен таудай талпынысы театрдың шырайын шығарады. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету мүмкін емес. Тарихтан сыр шертер болсақ, театр өнері қазақ даласына ХІХ ғасырдың екінші жартысында келген екен.Архив деректерінде Атырау өңірінің мәдениетсаласы, оның ішінді театр өнерінің дамуы өткен ғасырдың 15-20 шы жылдарынан бастау алады.Сахна өнерін сүйер өнерпаздар Гурьев қаласындағы орта білім тарату қоғамының пайдасына спектакль қойылымын көрсетуді бастаған.Гурьев қаласында драмалық үйірме өнерпаздары «Безработные», «Жизнь за мгновение», «Лес», «Божья коробка» т.б. спектакльдерін көрерменге ұсынған. Спектакльдер болады да, соңынан би болатыны , одан түскен қаржы қайда түсетіні қайда жұмсалатыны .Драмалық үйірмені қалалық қазақ жастары театры деп атаған. 1937 жылдың шілде айында облыстың атқару комитетінің жанынан болашақ театр үшін 1 жылдық театр студиясы ұйымдастырылып, студияда дайындалған өнерпаздар , 1938 жылдың мамыр айында ұйымдастырылған облыстық қазақ драма театрына актер болып ауыстырылған. Гурьев облысаралық қазақ драма театры Қазақ КСР Халық Комисарлар Кеңесінің 1938 жылғы 3 наурыздағы арнайы қаулысымен ұйымдастырылып, Гурьев облыстық мәдениет істері басқармасының Гурьев облыстық қазақ музыкалық драма театры деп аталады. Құрылған топтың құрамында бұрынғы Петропавл, Орал қазақ театрларының әртістері мен Гурьев драма студиясын бітірген студенттер болды. Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы еңбек еткендерге мәдени қызмет көрсету бағытында театрдың репертуарлары бекітілігі М.Әуезовтің «Сын сағатта», «Түнгі сарын», «Абай», «Еңілік-Кебек» пьесалары қойылған.1953 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1953 жылғы 23 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, Гурьев облыстық атқару комитетінің 1953 жылғы 13 маусымдағы шешімімен облыстық мәдениет басқармасы құрылып, оның қарамағына Гурьев театр берілді. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен 1957 жылдан бастап Гурьев театры облысымыздан тыс жерлерге гастрольдік сапарға шығу арқылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының көрермендерін қамтитын облысаралық театрға айналды. Бүгінде Атырау облысында Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театры, жастар театры халыққа мәдени қызмет көрсетуде.



          



     


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: alihan.esentai
Сайт: oblarchive.atyrau.gov.kz
Добавлено: 16.05.2025 в 17:33