Меню KDT

«Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет


30 сәуір күні Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін дамыту, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ «Адал ұрпақ» қозғалысына қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.

Слетке қаламыздың 13 мектебінен келген командалар қатысты.

Слет бағдарламасы аясында:
• Салтанатты ашылу рәсімі;
• адалдық пен азаматтық жауапкершілік тәрбиесіне арналған пленарлық отырыс;
• «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны;
• мектеп клубтарының үздік жобаларын таныстыру;
• қорытынды шығару және марапаттау рәсімі (сыйлықтар, дипломдар, сертификаттар табыстау);
• жабылу салтанаты.

«Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынының нәтижелері:
1 орын — Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп
2 орын — Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі
3 орын — №5 жалпы білім беретін мектеп

Жобаларды қорғау бойынша нәтижелер:
1 орын — Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі
2 орын — Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі
3 орын — №1 жалпы білім беретін мектеп

Слетке қатысу оқушылар үшін маңызды тәжірибе болды, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.


Комментариев нет
Просмотров: 13
Автор: alimhan.ermekov
Сайт: alimhan.ermekov.cms.kdt.kz
Добавлено: 01.05.2025 в 01:11