Меню KDT

Ата-аналар жиналысы


Алимхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде оқу-тәрбие процесіне қатысты маңызды мәселелер қаралған ата-аналар жиналысы табысты өтті.

Күн тәртібіне енгізілген негізгі тақырыптар:

  1. Қайырымдылық балы — мектеп ортасын дамытуға бағытталған бастамаларды ұйымдастыру және қолдау мәселелері талқыланды.

  2. Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық — Жанадилова Ж.Б. емтиханның жауапкершілігі, өткізу кестесі мен форматы туралы өзекті ақпарат беріп, ата-аналар назарын маңызды тұстарға аударды.

  3. 10-сыныпқа қабылдау — Далибаев Б.А. оқушыларды қабылдау шарттары мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

  4. Жазғы лагерь — Рахишева Б.Е. жазғы демалысты ұйымдастыру, бағдарламалар мен оқушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндап берді.

  5. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — Орынбекова А.К. құқықтық мәдениет пен жауапкершілікке қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға толық әрі нақты жауап алды.


Комментариев нет
Просмотров: 18
Автор: alimhan.ermekov
Сайт: alimhan.ermekov.cms.kdt.kz
Добавлено: 16.05.2025 в 01:14