Меню KDT

1 мамыр күні Ю.А.Гагарин атындағы № 14 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері экологиялық айлық аясында құс үйшіктерді ілу бойынша экологиялық акцияға қатысты.


1 мамыр күні Ю.А.Гагарин атындағы № 14 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері экологиялық айлық аясында құс үйшіктерді ілу бойынша экологиялық акцияға қатысты. Отбасылық шара Ескі саябақта өтіп, табиғатты аялай білетін балалар мен ата-аналар мен ұстаздардың басын қосты. Іс-шараға қатысушылар құстарға арналған үйшіктер орнатып қана қоймай, қоршаған ортаны сақтауға, тірі әлемге деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар мектеп ұжымын нығайтуға, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.



Комментариев нет
Просмотров: 83
Автор: b1414skobilim
Сайт: school-14sko.edu.kz
Добавлено: 02.05.2025 в 10:23