Меню KDT

“АДАЛ АЗАМАТ” Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ҚР Оқу -ағарту министрлігінің дайындаған ұсынымына сәйкес мектепішілік эссе байқауы


“АДАЛ АЗАМАТ” Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ҚР Оқу -ағарту министрлігінің дайындаған ұсынымына сәйкес мектепішілік эссе байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
Эссені келесі тақырыптар бойынша жазу ұсынылды:
1-4 сыныптар: “Таза Қазақстан” тақырыптық бағытында:
♦️“ Сен Таза Қазақстанға қандай үлес қоса аласың?”
♦️Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
♦️Мен табиғатты қорғаймын, себебі…
5-9 сыныптар: “ Заң және тәртіп” тақырыптық бағытында:
♦️Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
♦️Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?
♦️Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?
10-11 сыныптар: “ Адал азамат” тақырыптық бағытында:
♦️Сен үшін “ Адал азамат” деген кім?
♦️Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?
♦️ Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді?
#Адал _азамат #Адал _азамат_эссе #Білімім_Отаныма


Комментариев нет
Просмотров: 20
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 16.05.2025 в 17:24