
24.05.2025ж Домалақ ене орта мектебінде "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында түлектерге арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
24.05.2025ж Домалақ ене орта мектебінде "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында түлектерге арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға келген қонақтар ата-аналар мен мектеп бітіруші оқушыларды, мектеп ұжымын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі байқауларының жеңімпаз ұстаздары мен оқушылары марапатталды. 2025 ж."Ең үздік мұғалім", "Ең үздік сынып жетекші", "Ең үздік оқушы", "Ең үздік сынып" номинацилары беріліп дипломдар мен ақшалай сыйлық тарту еттік. Түлектердің белсенді ата-аналарын Алғыс хатпен марапаттадық.
Ауыл әкімі А.Ө. Бименбетов өз тарапынан үш оқушыға өте жақсы оқындары үшін ақшалай сыйлық сертифмкаттар берді.
Салтанатты жиында 11 сынып түлектері ұстаздарға алғысын өлең шұмақтары мен әндері арқылы білдірді.
20 жылдық түлектер ұстаздарына ізгі тілектерін білдіріп, мектебімізге құнды музыкалық аппаратураны сыйға тартты. Жомарт түлектерге алғысымыз шексіз.
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!
Түлектерімізге сәт сапар тілейміз!
https://youtube.com/shorts/SXzUcRnK0ME
Комментариев нет
Просмотров: 13