
«Қауіпсіз доңғалақ»
2025 жылғы 16 мамырда №2 Новоишим орта мектебінің базасында «Қауіпсіз доңғалақ» қозғалыс жас инспекторларының аудандық жарысы өтті.
ҚЖИ слетінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және мүдделі ведомстволардың назарын аудару.
Жарысқа 4 мектептің командалары қатысты: Новоишим №1 ОМ, Новоишим № 2 ОМ, Новоишим қазақ ОМ, Пескин ОМ.
Жарыс бағдарламасы 7 конкурстан тұрды: жол ережесінің білгірі, велосипедті мәнерлеп жүргізу, автоқалашықта жүргізу, Жас реттеуші, Жас санитар, үгіт-насихат бригадалары байқауы, эрудиттер турнирі.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын-Новоишим №1 ОМ
2 орын-Новоишим №2 ОМ
3 орын-Новоишим қазақ ОМ
Байқау қорытындысы бойынша Новоишим қазақ ОМ командасының қатысушысы Шарбекова Аяулым өзін үздік санитар ретінде көрсетті,эрудиттер турнирінде Новоишим №2 ОМ командасының қатысушысы Стулга Арина ең көп ұпай жинады, «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» конкурсында ең көп ұпай санын №2 Новоишим ОМ оқушысы ыздыков Амир жинады, үздік жас реттеуші болып Новоишим №1 ОМ оқушысы Алибаев Али анықталды, Новоишим қазақ ОМ оқушысы Еркеш Кәусар «Автоқалашықта велосипед жүргізу» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Іс-шара соңында командаларға грамоталар мен медальдар табыс етілді.
Комментариев нет
Просмотров: 5