
«Ауыл иті – Ақбай»
Оқушылар сарайына ағымдағы жылдың 1-3 мамыры аралығында тәжірибе алмасу мақсатында «Әсем қала Ақтауға» атты үшкүндік саяхаттау бағдарламасымен Орал қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» жанындағы «Мақашева театры» ұжымының бір топ жас өнерпаздары келді. Қонақтар өздерімен бірге ала келген Т.Миеуллиннің «Ауыл иті – Ақбай» атты ертегісінің сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынды.
Оқушылар сарайының сахнасында көрсетілген қойылым көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Зал тола жиналған көрермен ертегілер елінің қақпасын ертегі кейіпкерлерімен бірге ашып, сахналық қойылым шымылдығын бірге түрді. Театрлық көрініске куә бола отырып, жас өнерпаздардың шабытына шабыт қосып, қолдау көрсетті.
Қойылымнан кейін жас актерлермен сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Қойылымды тамашалауға келген Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен N19 мектеп-гимназиясының оқушылары сұхбат алаңына қатысып, театр әлемі, актер шеберлігі туралы танымдық ақпараттар алды.
Сарай әкімшілігі атынан театр жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса-аудармашы Макашева Эльмира Жұмажанқызына және педагог-ұйымдастырушы Сериков Мархабат Берікұлына, сондай-ақ, барлық театр өнерпаздарына алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді.
Сарай әкімшілігі атынан театр жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса-аудармашы Макашева Эльмира Жұмажанқызына және педагог-ұйымдастырушы Сериков Мархабат Берікұлына, сондай-ақ, барлық театр өнерпаздарына алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді.
Жас өнерпаздар үш күн бойы әсем қала Ақтауды тамашалап, теңіз жағалауында демалып, ерекше құрмет пен жылылыққа толы атмосфераға бөленді.
Бұл шығармашылық кездесу барлығымыз үшін де үлкен шабыт сыйлады деп ойлаймыз.
Комментариев нет
Просмотров: 23