Меню KDT

2025 жылғы 30 маусымда түрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік органның қызметімен таныстыру мақсатында ашық есік күні өткізілді.


Іс-шараға 9–10 сынып оқушылары шақырылып, білім бөлімінің жұмысы туралы толық ақпарат алды. Оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар, әдістемелік кабинеттің қызметі, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық секторының жұмысы таныстырылды. Ашық есік күні барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.



Комментариев нет
Просмотров: 68
Автор: b1410skobilim
Сайт: schooll-10.edu.kz
Добавлено: 30.06.2025 в 16:01