конкурс на вакантную должность воспитателя с государственным языком обучения
Требуется воспитатель
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ВАКАНТТЫ ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Атамекен кентінің №36 сәбилер бақшасы» КМҚК вакантты орындарға конкурс жариялайды:
№ | Вакантты орын | Жүктеме | Оқыту тілі | Мектептің мекенжайы | Байланыс телефоны, электрондық пошта |
1 | Тәрбиеші | 1,2 мөлш. | қазақ | Атамекен кенті, Макажанов көшесі 13 | 33-70-54 электронды адресі sad36@goo.edu.kz |
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және бекітілген тізім бойынша құжаттарын ұсынған педагогтар қатыса алады.
Біліктілік талаптары мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесімен білім беру ұйымының сайтынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 17 шілдеден 25 шілдеге дейін
«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Атамекен кентінің №36 сәбилер бақшасы» КМҚК
қазақ тілінде Тәрбиеші бос лауазымына тағайындауға ашық конкурс жариялайды
«Атамекен кентінің №36 сәбилер бақшасы» КМҚК Павлодар қ., Атамекен кенті Макажанов көшесі, 13, телефон 33-70-54 электронды адресі sad36@goo.edu.kz
қазақ және орыс тілдерінде оқытады. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе тиісті мамандық бойынша педагогикалық қайта даярлықты немесе техникалық және кәсіптік білімді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
Кәсіби біліктілігін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
- педагог (санаты жоқ):
«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін меңгеру;
жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
перспективтік жоспар мен циклограмма әзірлеу;
тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;
әдістемелік жұмысқа қатысу;
балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
- Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу құралын құрайды. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге); білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға қатысады.
Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандары мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттаманы, оқу құралдарын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Зерттеулер мен әзірлемелердің негізгі бағыттарын қалыптастырады, жас топтары бойынша сабақтар торын жасайды.
Озық практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы қағидатын сақтау, ата-аналармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
Заманауи жабдықтарды ауыстыру және сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жабдықтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды.
Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есеп және есеп құжаттамасын уақтылы ресімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Балалардың білімін, іскерлігін, дағдыларын талдайды.
Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Аттестаттаудан өту және біліктілігін арттыру бес жылда 1 рет.
Лауазымдық нұсқаулықты жасау үшін негіз - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 Сәуірде № 20551 болып тіркелді.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілері;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
Бос лауазымға орналасуға құжаттарды қабылдауды «Павлодар қаласы №40 мектепалды гимназиясы» КМҚК Генерал Дүйсенов, 15 жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) тәрбиешінің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары: 33-70-54 электронды адресі sad36@goo.edu.kz