Меню KDT

Жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі облыстық Тамыз конференциясы аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында маңызды кездесу өтті.


📢 Құрметті әріптестер!
Жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі облыстық Тамыз конференциясы аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
📍 18 тамыз күні Qyzyljar Creative орталығында «Цифрландыру – білім болашағы» атты секцияның жұмысы өтті.
🔑 Секцияның басты тақырыбы –
«Оқушылардың цифрлық сауаттылығы – болашақ тұлғаның азаматтық кемелділігі мен кәсіби табысының негізі»
👩‍🏫 Секция жұмысына мектеп директорлары, пән мұғалімдері, ЖИ саласының сарапшылары, аймақтық IT-хаб Qyzyljar Creative орталығының өкілдері қатысты.
💡 Спикерлер цифрлық платформаларды қолданудың озық тәжірибелерін ұсынып, ЖИ мүмкіндіктерін және пәнаралық интеграцияны талқылады.
🤖 Ерекше қызығушылық тудырған тақырыптар: Қазақстандағы алғашқы ЖИ-репетитор, Bilim Group компаниясының жаңа цифрлық қосымшалар, сондай-ақ сабақтарда ЖИ қолданудың практикалық мысалдары болды.
Қорытындысында мектептер мен әдістемелік кабинеттер үшін ұсынымдар қабылданып, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға арналған алаң құрылды.


Комментариев нет
Просмотров: 68
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 18.08.2025 в 19:27