Меню KDT

Мектеп жасына дейінгі балаларда адалдық пен патриотизмді қалыптастыру – ел болашағына салынған берік іргетасы.


📌 Мектеп жасына дейінгі балаларда адалдық пен патриотизмді қалыптастыру – ел болашағына салынған берік іргетасы.
🔹 Баланың тұлға болып қалыптасуы ең алдымен мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Бұл – олардың мінез-құлқының, өмірлік құндылықтарының алғашқы қадамдары қаланатын ерекше уақыт.
🔹 Әр халықтың болашағы – оның ұрпағында. Ұрпақтың саналы, отансүйгіш, парасатты болып өсуі ең алдымен балалық шақтағы тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі кезең – баланың бойына ізгі қасиеттерді, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды сіңірудің ең басты уақыты.
🔹 Облысымыздың тамыз кеңесінде балабақшаларымыз тәрбиеленушілерге білім беріп қана қоймай, ұлттық рухани мұрамен таныстыратыны жайлы айтты. Халық ауыз әдебиеті – ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар – баланың қиялын дамытып, шыншылдық пен әділдікті үйретеді. Ұлттық ойындар – денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұйымшылдық пен достықты қалыптастырады. Ұлттық ойындармымызды сабақта қолдана отырып, сабақты ерекше ұйымдастыруға, әртүрлі әдіс тәсілдерді ерекшелеуге,заман талабына сай қылып жасауға болатыны жайлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Тәрбиешілеріміз бен әдіскерлеріміздің басты мақсаты – баланың бойында адалдық пен патриотизмді күнделікті өмірде үлгі арқылы көрсетіп, жүрегіне жеткізу. Өйткені бүгінгі тәрбиеленуші – ертеңгі елін сүйетін, еліне адал қызмет ететін азамат!
 


Комментариев нет
Просмотров: 63
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 19.08.2025 в 20:23