
Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл
Құрметті әріптестер!
Құрметті достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен — еліміздің Негізгі Заңының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституция егемендіктің, бейбітшілік пен келісімнің берік негізі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болды. Үш онжылдықта ол біздің қоғамды прогресс, тұрақтылық және мемлекеттілікті нығайту жолына бағыттай отырып, өзінің тұрақтылығын, икемділігі мен өзектілігін дәлелдеді.
Конституцияның 30 жылдығы маңызды тарихи күн ғана емес, сонымен қатар Заңның үстемдігі, Әділеттілік және азаматтық келісім қағидаттарына негізделген елдің жетістіктерін мақтанышпен атап өтуге себеп болады.
Алдағы уақытта да Конституция әділ, күшті және гүлденген Қазақстанды құруда берік бағдар болып табылады.
Баршаңызға бейбітшілік, амандық, зор денсаулық, бірлік және Отан игілігі үшін жаңа табыстар тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні Құтты Болсын!