Меню KDT

“Мектептегі әлімжеттік неге әкеліп соғады” ? атты тақырыпта баяндама оқыды.

“Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың,
әлімжеттік, буллингтің алдын алу”
мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.


   Мектебімізде Шу АПБ аға жедел уәкілі С.Д. Керимзаде, Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б Улкенбаев, Б. Қожахметов, Н. Баетов мектепте “Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, әлімжеттік, буллингтің алдын алу” мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында “Мектептегі әлімжеттік неге әкеліп соғады” ? атты тақырыпта баяндама оқыды. Өз сөзінде оқушыларды кәмелетке жасы толмағандарды құқықтары мен міндеттерімен таныстырып, заң талаптарына сай  мектеп жасындағы жасы кәмелетке толмаған балалардың жасаған заңсыз әрекеті, өкінішке әкелетіндігі, ата - аналар мен оқушы заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы, заң аясында әлімжеттік жасаған оқушылар тізімге алынып, профилактикалык жұмыс жүргізілетіні туралы айтты. Сонымен қатар полиция қызметкері  оқушы  сабақтан себепсіз қалуға болмайтынын, заң аясында жасы кәмелетке толмаған бала түнгі уақытта ата - аналарының бақылауынсыз жүрмеуі керектігін, 18 - ге толмаған балалар автокөлікті тізгіндеуге рұқсат жоқ екендігі туралы да айтып өтті.
 

Теги:  Жаңалықтар / Ата - аналарға

Комментариев нет
Просмотров: 41
Автор: zhambylrmuratbaeva
Сайт: muratbayev-shu.edu.kz
Добавлено: 16.09.2025 в 09:35