Меню KDT

ЕСКЕРТУ ПАРАҒЫ: Ботулизмнің алдын алу

 Ботулизм дегеніміз не?
Ботулизм – бұл жүйке жүйесіне әсер ететін ботулотоксинмен улану арқылы пайда болатын ауыр токсикоинфекциялық ауру.
Зақымдану көзі – дұрыс дайындалмаған немесе дұрыс сақталмаған тағам өнімдері.
Қалай жұғады?
Көбінесе ботулизм мынадай тағамдарды тұтынғаннан кейін дамиды:
-Ет, балық, саңырауқұлақтар мен көкөністерден жасалған үй консервілері;
-Кептірілген, ысталған немесе жеткілікті тұздалмаған балық;
-Үй жағдайында дайындалған шұжықтар мен ет өнімдері;
-Буылған қаптамасы бұзылған өнімдер.
Алдын алу шаралары
Қауіпсіз консервілеу:
-Көкөністерді, жемістерді, саңырауқұлақтарды мұқият жуыңыз;
-Рецепт пен дайындау технологиясын қатаң сақтаңыз;
-Қышқылдықты, тұз, сірке суы және стерилизацияны қолданыңыз - бұл бактерияларға қарсы қорғаныс;
-Саңырауқұлақтарды үй жағдайында, әсіресе сірке сусыз, консервілемеңіз!
Мыналарды ешқашан жемеңіз:
-Ісінген қақпағы бар консервілерді;
-Тұнбасы бұлыңғыр, көбіктенген немесе зең басқан өнімдерді;
-Күмәнді иісі бар тағамдарды.
Балық пен ет:
-Көшеде немесе рұқсат етілмеген базарларда сатылатын кептірілген/ысталған балықты сатып алмаңыз;
-Балықты санитарлық талаптарға сай кептіріңіз;
-Балық пен етті консервілеу алдында міндетті түрде қайнатыңыз.
Гигиена:
-Өнімдерді тек таза ыдыста және тоңазытқышта сақтаңыз;
-Жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды тұтынбаңыз;
-Тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.
Ботулизм белгілері:
Ауру белгілері әдетте 2–24 сағат ішінде пайда болады:
-Әлсіздік, бас ауруы, бас айналу;
-Ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, қос көріну;
-Сөйлеу бұзылысы, қабақтың салбырауы, салдану (паралич);
-Лоқсу, құсу, іш қату.
Алғашқы белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгініңіз!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 17.09.2025 в 09:24