
«Математика — барлық ғылымдардың кілті»
📐 «Математика — барлық ғылымдардың кілті»
2025 жылғы 17 қыркүйекте облыстық математика пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті. Жиын барысында қауымдастықтың жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары таныстырылып, заманауи математикалық білім берудің негізгі бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жасанды интеллектті дамыту және оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
📌 Қатысушылар мынадай басым бағыттарды айқындады:
💻 Цифрлық этиканы қалыптастыру. Жасанды интеллект құралдарын пайдалануда оқушылардың жауапкершілігін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Мұғалімдер балаларды адалдыққа, зияткерлік меншікке құрметпен қарауға, өз еңбегі мен технология көмегін ажырата білуге үйретуі қажет. Бұл – болашақта саналы әрі сыни ойлайтын тұлға қалыптастырудың негізі.
⚖️ Құндылыққа негізделген тәрбиені дамыту. Математика тек есеп-қисап емес, ол – логика, дәлдік және әділеттілік мектебі. Осы пән арқылы оқушылардың азаматтық ұстанымын, жауапкершілік сезімін, еңбекке деген құрметін қалыптастыру – басты мақсаттардың бірі болып отыр.
🤝 Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар оқыту әдістерін жаңғырту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге уағдаласты.