
2025 жылдың 16 қыркүйегінде мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Бұл маңызды іс-шара "Мектеп және отбасы: адал және жауапты азаматты тәрбиелеудегі ынтымақтастық" деген атпен өтті.
Негізгі мәселе мектеп пен ата-аналар комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту , сондай-ақ бірлескен қызметті үйлестіру ерекшеліктері болды. "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру үшін қолайлы ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жиналыс барысында мектепте де, интернетте де балалардың қауіпсіздігіне қатысты негізгі мәселелері қарастырылды. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, "Досболlike" бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ тәртіпті тұлғаны қалыптастыру үшін отбасы мен мектептегі бірыңғай талаптардың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.
Жиналыс қорытындысында ювеналды полиция инспекторы Д.Е. Муканова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, буллинг мәселесі тақырыбында сөз сөйлеп, ҚР ӘҚБК 127-2-бабы түсіндірді. Бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығына, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілетіне және қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну қажеттілігіне ерекше назар аударылды.