Меню KDT

Сабақтастық – әрбір бірінші сынып оқушысының сенімді де жайлы бастамасының негізі.


📚 Сабақтастық – әрбір бірінші сынып оқушысының сенімді де жайлы бастамасының негізі.
🏫 Бүгін Петропавл қаласының КММ «№23 орта мектебі», КММ «С. Мұқанов атындағы №32 орта мектебі», КММ «Ж. Тәшенов атындағы №20 орта мектебінде» КММ «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзара ықпалдастығы тәжірибесі: сабақтастық пен мектептегі табысты бастаманың негізі» атты бірыңғай ашық есік күні аясында іс-шаралар өтті.
✏️ Балалардың мектепке бейімделуін үйлесімді қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп педагогтерінің өзара іс-қимыл механизмдері қарастырылды.
👩‍🏫 Болашақ бірінші сынып оқушыларын жаңа ортада оқуға дайындауда мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
🗂️ Жеке даму карталарымен (ЖДК) жұмыс жасау бойынша тәжірибелік ұсыныстар беріліп, оларды баланың жеке білім беру траекториясын құрудың негізі ретінде пайдалану жолдары талқыланды.
👀 Сонымен қатар семинарға қатысушылар 1-сыныптардағы ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, сабақтастықтың оқу-тәрбие процесінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көзбе-көз көрді.
🤝 Аталған семинар педагогтердің кәсіби байланысын нығайтуға және білім берудің әртүрлі деңгейлері арасындағы тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.


Комментариев нет
Просмотров: 75
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 24.09.2025 в 16:36