Меню KDT

“АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП”


“АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП”
18 қыркүйек күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібі:
1. 2025-2026 оқу жылының басталуы.
Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру.
2. «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру. Мектепішілік ата-аналар комитетінің
төрағасы мен алқасын сайлау туралы
3. «Жасөспірімдер арасындағы
құқықбұзушылықтың алдын алу»
Мектеп директоры А.Б.Туякова ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жоламанова “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсат-міндеттерімен таныстырып, бағдарламаны жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Жиналысқа мектеп инспекторы Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПб УПИ полиция лейтенанты Асылбеков Райымбек Бүркіталыұлы тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың түрлері мен себептері, заң талаптары мен құқықтық жауапкершіліктер туралы және ата-аналарға білім алушылардың интернеттегі және күнделікті жүріс-тұрысындағы әрекеттерін бақылау қажеттігі ескертілді.
Ата-аналардың шешімен мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы Орынбасар Амангелди сайланды.
#adalazamat
@birtutas_tarbie_mangystau


Комментариев нет
Просмотров: 11
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 19.09.2025 в 17:47