Меню KDT

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы


📘 «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы

6–24 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл мектептері директорларына арналған «Мектеп менеджменті және әдістемелік лидерлік» курстары өтуде.

📍 Оқыту барысында Әдістемелік орталықтың директоры Роза Сәкенқызы Сәркен 100 ауыл мектебінің директорымен кездесіп, білім берудегі көшбасшылық қасиеттер мен басқарушылық құзыреттіліктерді дамыту туралы мазмұнды әңгіме жүргізді.

💡 Курстарға еліміздің түрлі өңірлерінен келген тренерлер қатысуда:
— Қалдарова Қарлығаш Исаевна, Алматы қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері;
— Қатаев Ерждан Советұлы, PhD докторы, Орал қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері;
— Нүгербаев Төлеген Қакимұлы, Астана қ. Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері.

Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және өңірдегі білім беру көшбасшыларының кәсіби қауымдастығын дамытуға мүмкіндік береді. 🌿

#АуылМектебі #СапаАлаңы #ӘдістемелікОрталық #ПШО #Көшбасшылық #Білім


Комментариев нет
Просмотров: 54
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 07.10.2025 в 10:51