Меню KDT

«Мектепке жол» акциясы


Құрметті сынып жетекшілер, ата-аналар және аудан тұрғындары!
Біздің мектебімізде жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталды.
Аталған акцияның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.
Көмек келесі түрлерде көрсетілуі мүмкін:
- мектепке қажетті құрал-жабдықтар (дәптерлер, қаламдар, қарындаштар және т.б.),
- жаңа мектеп сөмкелері,
- мектеп формасы мен аяқ киім,
мектепке қажет өзге де заттар.

Барша қайырымды жандарды осы игі іске қатысуға шақырамыз — бірге балаларға қуаныш пен ертеңгі күнге сенім сыйлай аламыз!
Толық ақпарат алу үшін мектептің әлеуметтік педагогтеріне хабарласыңыз.
Ізгі ниеттеріңіз үшін алғыс айтамыз!


Комментариев нет
Просмотров: 99
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: 32mg-astana.edu.kz
Добавлено: 03.09.2025 в 18:52