Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

Менің өнерлі отбасым


19 наурыз күні “Менің өнерлі отбасым” көп жанрлы отбасылық фестивалі өтті. Бұл фестивальде мектебімізге құрметті қонақтар келді. Отбасылар үлкен дайындықпен келіп, салт-дәстүрден үзінді көріністер көрсетіп, ұлттық тағам түрлерінің дайындалуымен таныстырды. Ата-аналар мен мектепті етене жақындататын осынау мереке көңілдерге қуаныш сыйлап, үштік одақтың бірлігінің нығайуына үлкен әсерін тигізеді. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, ұлттық құндылықтарымызды ата-аналар мен оқушылар арасына дәріптеуде үлкен роль атқарары анық. Гульсум Аскаровнаның ата-аналары ауылдың өзін мектебімізге көшіріп әкелгендей болды, күмбірлеген күй мен қыздарымыздың әсем биі іс-шараны жандандыра түсті. Ақын, журналист, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ ағамыз, Тлеулесова Агила Балтабаевна - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, фундаментальды математика кафедрасының профессоры, керемет көріністің куәсі болды. Соңында қатысушы отбасыларға алғыс хаттар табысталып, мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DHYdFYqiWw0/?utm_source=ig_web_copy_link


Комментариев нет
Просмотров: 162
Автор: madeinkind
Сайт: 32.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.03.2025 в 15:47