Меню KDT

«Адал азамат – ел болашағы!»


Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Адал азамат – ел болашағы!» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны зор қуанышпен аталып өтті.

Салтанатты шарада мектеп директоры Байтас Гүлшат Берікбайқызы жүрекжарды құттықтауын жеткізсе, қадірлі қонақтарымыз – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Құлшар Қалыбек Мыңайдарұлы, сондай-ақ Әкелер одағының төрағасы, «Amanat» партиясының белсенді мүшесі Ардақ Марқабайұлы білім күніне арналған ыстық лебіздері мен ақжарқын тілектерін білдірді.

Мерекелік жиыннан соң жас ұрпақ сынып жетекшілерімен бірге алғашқы «Мектебім – мейірім мекені» атты білім сағатына аттанып, жаңа оқу жылының алғашқы парағын ашты.

🌸 Жаңа оқу жылы шәкірттерімізге шығармашылық табыс, биік жетістіктер, асқақ армандарға жетелер сәтті қадамдар әкелсін!
Білім шамы әрдайым жарқырап, жас ұрпақтың жолын нұрға бөлесін!


Комментариев нет
Просмотров: 30
Автор: danil.shinkevich
Сайт: 32mg-astana.edu.kz
Добавлено: 01.09.2025 в 20:32