Өкпе обырының алдын алу
Өкпе обыры қазіргі заманның ең күрделі ауруларының бірі болып қала береді. Оның дамуының негізгі қауіп факторларының бірі – темекі шегу, соның ішінде пассивті темекі шегу. Сондай-ақ ауаның ластануы, өндірістік зиянды заттардың әсері және тұқым қуалайтын бейімділік те кері әсерін тигізеді.
Алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы!
Аурудың даму қаупін төмендету үшін келесі ұсыныстарды орындау қажет:
-Темекі шегуден бас тарту және темекі түтінінің пассивті әсерінен аулақ болу.
-Салауатты және белсенді өмір салтын ұстану.
-Зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.
-Профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты түрде өту.
-Ұзаққа созылған жөтел, ентігу, кеуде тұсының ауыруы, қан түкіру немесе себепсіз салмақ жоғалту сияқты белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу.
Өз денсаулығыңызға ерекше көңіл бөліп, алаңдатарлық белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз.
Өкпенің саулығы көп жағдайда біздің өмір салтымызға және өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауымызға байланысты. Аурудың алдын алу және медициналық көмекке уақтылы жүгіну денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектеседі!
Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!
МӘМС жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 6