КӨКЖӨТЕЛ
Балаларыңызды қорғаңыз!
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ескертеді: балалардың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін оларды уақытылы вакцинациялау өте маңызды.
Көкжөтел дегеніміз не?
Көкжөтел - тыныс алу жолдарын зақымдайтын, Bordetella pertussis бактериясы тудыратын жіті жұқпалы ауру.
Инфекция көзі
Инфекция көзі - көкжөтелмен ауыратын немесе ауру қоздырғышын тасымалдаушы адам.
Ауру қалай жұғады?
Көкжөтел ауа-тамшы жолы арқылы, яғни науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және онымен жақын қарым-қатынаста болғанда жұғады.
Инкубациялық кезеңі: әдетте 7–14 күн.
Көкжөтелдің негізгі белгілері
Ауру бастапқы кезеңде кәдімгі суық тию белгілеріне ұқсас белгілермен басталады:
-мұрыннан су ағу;
-жалпы әлсіздік;
-дене қызуының аздап көтерілуі;
-жеңіл жөтел.
Алайда бірнеше күннен кейін жөтел күшейіп, жиі қайталанатын ұстамалы сипатқа ие болады. Жөтел ұстамасынан кейін тыныс алғанда ысқырықты дыбыс естілуі мүмкін.
Көкжөтелдің асқынулары
Көкжөтел әсіресе бір жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
Аурудың ықтимал асқынулары:
-бактериялық пневмония;
-бронхит және плеврит;
-тыныс алудың бұзылуы және оттегі тапшылығы (гипоксия);
-құрысулар;
-отит және синусит;
-сусыздану;
-баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуының кешеуілдеуі.
Вакцинация - сенімді қорғаныс!
Вакцинация - көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр түрінен қорғаудың ең тиімді жолы.
Вакцина алған бала көкжөтелмен ауырған жағдайда да, ауру әдетте жеңілірек өтеді және ауыр асқынулардың даму қаупі төмендейді.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ КӨКЖӨТЕЛДЕН ҚОРҒАҢЫЗ!
Вакцинацияны кейінге қалдырмаңыз! Балаларыңызды Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес уақытылы егіңіз!
Балалардың денсаулығы - баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 5