💐 Құрметті логопедтер! Астана қаласының №7 Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы атынан барша логопедтерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз – әр баланың болашағына бастар жол. Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту, алғашқы сөздеріне қуану, өз ойын еркін жеткізуіне көмектесу – үлкен жауапкершілік пен ерекше мейірімділікті талап ететін мамандық.
Әрбір жетістіктің артында сіздердің төзімділіктеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен шексіз еңбектеріңіз жатыр.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, кәсіби табыс және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз!
Әр баланың жетістігі сіздерге қуаныш сыйласын! ❤️
Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌷
Комментариев нет
Просмотров: 9