ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» ШЖҚ МКК-да 2026 жылғы 13 қараша күні жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» ШЖҚ МКК-да 2026 жылғы 13 қараша күні жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
- 2026–2027 оқу жылының І-тоқсанының қорытындысы.
- Бөлім жетекшілерінің І-тоқсанда атқарылған жұмыстары бойынша есептері.
Жиналыс барысында 2026–2027 оқу жылының І-тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, білім алушылардың оқу жетістіктері мен шығармашылық дамуы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар бөлім жетекшілері өз бөлімдері бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарларын баяндады.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың сапалы білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында пікір алмасылды.




