Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

🥗 Дұрыс тамақтану - бала денсаулығының негізі

Дұрыс тамақтану әр отбасының өмір салтына айналуы керек.
Баланың дені сау, шымыр әрі белсенді болып өсуі үшін тамақтанудың негізгі үш қағидасын сақтау маңызды:
🌿 1. Тамақтанудың жүйелілігі
Тамақтану белгілі бір тәртіппен және күн сайын шамамен бір уақытта ұйымдастырылуы қажет.
-Мектепке дейінгі балаларға күніне 4–5 рет, шамамен әр 3 сағат сайын тамақтану ұсынылады.
-Мектеп жасындағы балалар үшін тәуліктік ас мәзірін біркелкі бөле отырып, күніне 4 рет тамақтанған дұрыс.
🍎 2. Теңгерімді тамақтану
Баланың күнделікті рационы әртүрлі болып, көкөністер мен жемістерді қамтуы керек.
Күніне шамамен 400 г көкөніс пен жеміс тұтыну ұсынылады.
Олар ағзаны қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз етуге және жұқпалы емес аурулардың даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.
⚖️ 3. Тамақтанудағы мөлшерлілік
Тамақты мөлшермен тұтыну және артық тамақтанбау маңызды.
Артық салмақ пен семіздіктің алдын алу үшін балаға дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру қажет: тағамды мөлшермен тұтыну, көкөністер мен жемістерді көбірек таңдау және жеткілікті мөлшерде су ішу.
🍬 Қантты тұтынуды азайтыңыз
Құрамында қант мөлшері жоғары тағамдар мен сусындарды шектеуге тырысыңыз:
-тәттілер, кәмпиттер және шоколад;
-тәтті нан-тоқаш өнімдері;
-газдалған және газдалмаған тәтті сусындар;
-жеміс-жидек және көкөніс шырындары мен сусындары;
-энергетикалық және спорттық сусындар;
-қант қосылған дайын шай мен кофе;
-құрамында қант мөлшері жоғары сүтті сусындар.
Тәтті тағамдардың пайдалы баламасы - жаңа піскен жемістер мен көкөністер. 🍏🥕
🧈 Қаныққан және транс майларды тұтынуды азайтыңыз
Дұрыс тамақтану үшін:
-тағамды буға пісірген немесе қайнатқан дұрыс, қуырып немесе пісіріп дайындауды шектеген жөн;
-майлылығы төмен сүт өнімдері мен майы аз етті таңдаңыз;
-қуырылған және алдын ала дайындалған тағамдарды тұтынуды шектеңіз;
-өнеркәсіптік транс майлары болуы мүмкін бәліш, печенье, пончик және басқа да кондитерлік өнімдерді сирек тұтыныңыз.
🧂 Тұзды тұтынуды шектеңіз
Тәулігіне тұтынылатын тұз мөлшерін 5 грамға дейін шектеу ұсынылады.
Тағамға артық тұз қоспауға және баланы тағамның табиғи дәмін қабылдауға біртіндеп үйретуге тырысыңыз.
💧 Су - ең пайдалы сусын
Күні бойы бала жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуі қажет.
Шөлді қандыру үшін ең жақсы таңдау - таза су.
🏃‍♀️ Қимыл-қозғалыс - салауатты өмір салтының бір бөлігі
5 жастан асқан балаларға күн сайын дене белсенділігімен айналысу ұсынылады.
Оған мыналар жатады:
-қимылды ойындар;
-серуендеу;
-спортпен шұғылдану;
-велосипед тебу;
-сауықтыру іс-шаралары;
-дене шынықтыру және әртүрлі жаттығулар.
Дене белсенділігінің жалпы ұзақтығы күніне кемінде 60 минут болуы керек. Белсенділік орташа және жоғары қарқынды болуы мүмкін.
🌟 Дұрыс тамақтану + қимыл-қозғалыс + күн тәртібі = дені сау және бақытты балалық шақ!
Осы қарапайым ережелерді сақтау балаңыздың дені сау, белсенді әрі мықты болып өсуіне көмектеседі!

Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 16.11.2026 в 15:59