Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдамаңыз!
Антибиотиктер – заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі. Алайда оларды негізсіз және бақылаусыз қолдану бактериялардың антибиотиктерге төзімділігінің (антибиотикорезистенттіліктің) дамуына әкеледі.
Антибиотиктерді қажетсіз әрі жиі қабылдаған сайын, олардың әсеріне төтеп бере алатын бактериялардың саны арта түседі. Соның салдарынан жұқпалы ауруларды емдеу қиындай түсіп, дәрілік препараттардың тиімділігі төмендейді.
Антибиотиктерге төзімділікпен күресуге әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз!
Ол үшін бірнеше қарапайым, бірақ өте маңызды ережені сақтау қажет:
-Антибиотиктерді өз бетіңізше қабылдамаңыз. Оларды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданыңыз.
-Емдеу тәртібін қатаң сақтаңыз. Дәрігер ұсынған дозада және белгіленген мерзімде қабылдаңыз. Өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, емдеу курсын дәрігердің кеңесінсіз тоқтатпаңыз.
-Антибиотиктерді басқа адамдарға бермеңіз және бұрын тағайындалған дәрілердің қалдығын пайдаланбаңыз.
-Әрбір ауру кезінде антибиотик тағайындауды талап етпеңіз. Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді және кәдімгі тұмау мен вирустық инфекцияларды емдемейді.
-Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз және медицина мамандарының ұсынымдарын орындаңыз.
Есіңізде болсын: антибиотиктер барлық инфекцияға бірдей әсер ететін әмбебап дәрі емес. Оларды дұрыс қолданбау өз денсаулығыңызға ғана емес, айналаңыздағы адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді.
Бүгін антибиотиктердің тиімділігін сақтайық, олар ертең де адам өмірін құтқаруы үшін!
Антибиотиктерді жауапкершілікпен қолдану – әр адамның денсаулығына және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне деген қамқорлық.
Қорына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды

Комментариев нет
Просмотров: 3