«Білім беру ұйымдарын басқарудағы заманауи менеджмент: Конституциялық құндылықтар мен адами капиталдың сабақтастығы»
«Білім беру ұйымдарын басқарудағы заманауи менеджмент: Конституциялық құндылықтар мен адами капиталдың сабақтастығы»
2026 жылғы 14 тамызда Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ес-аймақ» рухани орталығында «Білім беру ұйымдарын басқарудағы заманауи менеджмент: Конституциялық құндылықтар мен адами капиталдың сабақтастығы» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
🤝 «Шешімдер зертханасы» форматында ұйымдастырылған кездесуге білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім беру ұйымдарының директорлары мен директор орынбасарлары қатысты.
📊 Секция барысында басқару мәдениеті, адами капиталды дамыту, білім сапасы, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау талаптары, жасанды интеллект, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және басшының көшбасшылық құзыреттерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
💡 Спикерлер білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, басқару тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты шешімдерді талқылады.
🎯 Секция қорытындысында адамға бағдарланған басқару мәдениетін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби дамуына басымдық беру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану және білім беру ұйымы басшысының көшбасшылық құзыреттерін тұрақты жетілдіру негізгі басымдықтар ретінде айқындалды.
🚀 Негізгі ұстаным: өзгерістерге бейімделу ғана емес, оларды білім сапасын арттыруға бағыттап, тиімді басқара білу.