Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет етудің 16 күні: әйел денсаулығы қауіпсіздіктен басталады

Жыл сайын бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, олардың құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығын еске салу мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекет етудің 16 күні» атты халықаралық науқан өткізіледі.
Осы бастама аясында акушер-гинеколог дәрігер әйелдерге маңызды үндеу жолдайды: әйел денсаулығы қауіпсіздік, құрмет пен жан тыныштығынсыз мүмкін емес.
Зорлық-зомбылық — тек тән жарақаты мен физикалық ауырсыну ғана емес. Ол үнемі кінәлау, кемсіту, қорлау, туыстарымен және жақындарымен араласуға тыйым салу, қаржылық бақылау, еркіндігін шектеу және өз еркінен тыс әрекеттерге мәжбүрлеу түрінде де көрініс табуы мүмкін. Психологиялық және эмоционалдық қысымның мұндай түрлері де әйел денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді.
Әйел жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңде ерекше осал болады. Үнемі күйзелісте жүру, қорқыныш пен алаңдаушылық әйелдің физикалық және эмоционалдық жағдайына кері әсерін тигізіп, жүктіліктің қолайсыз өту қаупін арттыруы, емшек сүтімен емізуді қиындатуы және босанғаннан кейінгі депрессияның дамуына ықпал етуі мүмкін.
Құрметті әйелдер, үш маңызды қағиданы есте сақтаңыздар:
1.Сіз құрмет пен қауіпсіздікке лайықсыз. Өмірлік жағдайларға, отбасылық мәртебеге және денсаулық жағдайына қарамастан, әрдайым.
2.Зорлық-зомбылыққа ешқашан сіз кінәлі емессіз. Шаршау, гормондық өзгерістер, тұрмыстық қиындықтар немесе отбасылық келіспеушіліктер қатыгездікті, қорлауды және кемсітуді ешқашан ақтай алмайды.
3.Сіз бұл мәселені жалғыз шешуге міндетті емессіз. Жақындарыңыздан, медицина мамандарынан, психологтардан және тиісті көмек көрсету қызметтерінен қолдау сұраудан қорықпаңыз.
Әйел денсаулығына қамқорлық жасау — бұл тек профилактикалық тексерулерден өту және уақтылы емделу ғана емес. Бұл сонымен қатар психологиялық саулықты сақтау, қорқынышсыз, қысымсыз және зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қорғау.
Зорлық-зомбылық қалыпты жағдайға айналмауы және жабық есіктің ар жағында жасырын қалмауы тиіс. Үнсіздік зорлық-зомбылықтан қорғамайды, ал дер кезінде көмекке жүгіну өмірді жақсы жаққа өзгертуі мүмкін.
Өздеріңізді күтіңіздер! Сіздер махаббатқа, құрметке, қамқорлыққа және қауіпсіз өмір сүруге лайықсыздар.

МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 18.11.2026 в 16:10