Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

«Абай Салбурыны – 2026» республикалық құсбегілер турнирі басталды


                                                                                                                                                        


        «Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға…»

        Хакім Абайдың осынау жыр жолдары бүгін Көкбай даласында қайта жаңғырғандай. Алғашқы ақ ұлпа қармен бірге қыран құстың саятшылыққа самғаған сәті – қазақтың байырғы дәстүрі мен дала мәдениетінің айшықты көрінісі.
        Бүгін ақын, Абайдың шәкірті Көкбай Жанатайұлының 165 жылдық мерейтойы аясында Көкбай ауылында «Абай Салбурыны – 2026» республикалық құсбегілер турнирі басталды.
        Ұлттық өнерді ұлықтаған дүбірлі додаға еліміздің 11 облысы мен 3 қаласынан құсбегілер жиналды. Жалпы жарысқа 100 ден аса құсбегілік құстары және 20-дан астам құмай тазы қатысуда. Қыранның қалықтаған қанаты, құмайдың құйғытқан шабысымен астасқан дала көрінісі – халқымыздың болмысын, еркін рухын айшықтайды.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: abay.travel
Сайт: taraz.test.kdt.kz
Добавлено: 20.11.2026 в 11:13