ОГОЛЬДІ ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Алкоголь - адам денсаулығы мен өміріне төнетін елеулі қауіптердің бірі.
Жыл сайын алкогольді тұтыну бүкіл әлемде шамамен 3 миллион адамның өліміне себеп болады, сондай-ақ миллиондаған адамның мүгедектігіне және денсаулығының нашарлауына әкеледі. Жалпы алғанда, алкогольді зиянды тұтыну жаһандық аурулар ауыртпалығының 5,1%-ын құрайды.
АЛКОГОЛЬДІ ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ ШАМАДАН ТЫС ТҰТЫНУ КЕЛЕСІ АУЫР АУРУЛАРДЫҢ ДАМУ ҚАУПІН АРТТЫРАДЫ:
-жүрек аурулары;
-инсульт;
-бауыр аурулары;
-бауыр, ішек, ауыз қуысы және сүт безінің қатерлі ісігі;
-панкреатит (ұйқыбездің қабынуы);
-ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттердің бұзылуына әкелуі мүмкін ми зақымданулары.
АЛКОГОЛЬГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Денсаулықты сақтау және алкогольге тәуелділіктің алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстаныңыз:
1.Белсенді өмір салтын ұстаныңыз
Спортпен жүйелі түрде айналысыңыз, жаттығу залына, бассейнге барыңыз және таза ауада көбірек серуендеңіз.
2.Өзіңізге қызықты әуестік табыңыз
Бос уақытыңызды сүйікті ісіңізге арнаңыз, қабілеттеріңізді дамытыңыз, жаңа қызығушылықтар мен мүмкіндіктерді ашыңыз.
3.Алкоголь тұтынылатын ортадан аулақ болыңыз
Айналаңыздағы адамдардың қысымына берілмеңіз, салауатты ортаны таңдаңыз және өмірлік құндылықтарыңызды қолдайтын адамдармен араласыңыз.
4.Алкогольді күнделікті өміріңізден алып тастаңыз
Алкогольді ішімдіктерді сатып алмаңыз, үйде сақтамаңыз және оны тұтынуға жағдай жасамаңыз.
5.Отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз
Балаларыңызбен және жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізіңіз, ортақ іс-шараларға қатысыңыз, отбасылық қарым-қатынасты нығайтыңыз. Қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне, соның ішінде отбасылық психологтың кеңесіне жүгініңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Алкогольге тәуелділік - салдарымен күрескеннен гөрі, алдын алған әлдеқайда жеңіл мәселе.
Кәсіби көмекке жүгінуден қорықпаңыз. Мамандардың уақтылы қолдауы денсаулықты сақтауға және толыққанды өмірге қайта оралуға көмектеседі.
Салауатты өмір салтын таңдаңыз! Алкогольге ЖОҚ деп айтыңыз!
Салауатты отбасы - салауатты қоғам - дені сау ұлт!
Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

Комментариев нет
Просмотров: 2