Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

Қан айналымы жүйесі ауруларының (ҚЖА) алдын алу бойынша ұсыныстар

Қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу салауатты өмір салтын ұстануды, денсаулық жағдайын тұрақты бақылауды және профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтуді қамтиды.
-Теңгерімді тамақтану. Майлы, қуырылған және тұзды тағамдарды, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерді тұтынуды шектеу ұсынылады. Қайнатылған, бұқтырылған және пеште пісірілген тағамдарға, көкөністерге, жемістерге және жасұныққа бай өнімдерге басымдық берген жөн.
-Дене салмағын бақылау. Қалыпты дене салмағын сақтау, артық тамақтанудан аулақ болу және дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану маңызды. Теңгерімді тамақтану мен тұрақты дене белсенділігі артық салмақ пен семіздіктің алдын алуға ықпал етеді.
-Күнделікті дене белсенділігі. Күніне кемінде 30 минут орташа дене белсенділігімен айналысу ұсынылады. Таза ауада жаяу серуендеу, велосипед тебу, жүзу, емдік дене шынықтыру, қимылды ойындар және жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайына сәйкес басқа да дене жаттығулары пайдалы.
-Зиянды әдеттерден бас тарту. Темекі шегуден, темекі және никотин құрамды өнімдерді, шылым шегуге арналған қоспаларды, алкогольді және есірткі заттарын тұтынудан толық бас тарту қажет. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
-Стресстің алдын алу. Эмоциялық жағдайды басқара білу, шамадан тыс психоэмоциялық жүктемелерден аулақ болу, еңбек және демалыс режимін сақтау, толыққанды ұйқы мен демалысқа жеткілікті уақыт бөлу маңызды.
-Артериялық қан қысымын бақылау. Артериялық қан қысымын жүйелі түрде өлшеп отыру ұсынылады. Бұл әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі жоғары адамдар үшін маңызды. Қан қысымының қалыпты көрсеткіштерден ауытқуы анықталған жағдайда дәрігерге уақтылы қаралып, оның ұсынымдарын орындау қажет.
-Профилактикалық медициналық тексерулерден жүйелі түрде өту. Диспансерлеу және профилактикалық медициналық тексерулер аурудың қауіп факторлары мен бастапқы белгілерін дер кезінде анықтауға, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалауға, әрі қарай бақылау мен емдеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Есте сақтаңыз! Осы ұсыныстарды сақтау қан айналымы жүйесі ауруларының даму қаупін төмендетуге, жүрек пен қан тамырларының саулығын сақтауға, сондай-ақ өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға көмектеседі.
 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 24.11.2026 в 14:28