Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

Миокард инфарктінің алдын алу

Миокард инфарктісі - жүрек бұлшықетінің белгілі бір бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі күрт тоқтап, оттегінің жетіспеушілігі салдарынан зақымдануымен сипатталатын жіті ауру.
Миокард инфарктісінің негізгі белгілері
Миокард инфарктісі келесі белгілермен көрінуі мүмкін:
-кеуде қуысының ортасында, қолда, сол жақ иықта, шынтақта, жақ сүйегінде немесе арқада ауырсыну не жайсыздық сезімі;
-ауа жетіспеу сезімі;
-жүрек айнуы немесе асқазан тұсының ауыруы;
-бас айналу және суық тер шығу;
-қатты шаршау және әлсіздік сезімі.
Миокард инфарктісінің даму қаупін азайту және қайталануын болдырмау жолдары
Инфарктінің алдын алу үшін төмендегі ұсыныстарды орындау қажет:
1.Темекі шегуден бас тарту- темекі шегу қан тамырларының жағдайына және жүрек жұмысына кері әсер етеді.
2.Алкогольді тұтынуды тоқтату.
3.Дұрыс тамақтану:
-теңгерімді тамақтану тәртібін ұстану;
-тәтті тағамдар мен қантты шектеу;
-фастфудтан бас тарту;
-газдалған сусындарды шектеу;
-жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыну.
4.Дене белсенділігімен тұрақты айналысу (денсаулық жағдайын ескере отырып).
5.Созылмалы күйзелістен аулақ болу және эмоционалдық жағдайға көңіл бөлу.
6.Жүрек ауруларын уақтылы анықтау және емдеу үшін жоспарлы медициналық тексерулерден тұрақты өту.
Есте сақтаңыз!
Миокард инфарктісінен қорғайтын ең жақсы дәрі - оның алдын алу!
Жүрек денсаулығына қамқорлық жасау, салауатты өмір салтын ұстану және дәрігердің тұрақты бақылауында болу миокард инфарктісінің даму қаупін азайтуға көмектеседі.
 
МӘМС-ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 24.11.2026 в 15:08