Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

ТӘТТІ СУСЫНДАР: ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БАЛАМАНЫ ТАҢДАЙЫҚ!

Тәтті газдалған сусындар, қаптамадағы шырындар мен энергетикалық сусындардың құрамында қант мөлшері көп. Оларды үнемі тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Денсаулықты сақтау және ағзадағы су теңгерімін қалыпты деңгейде ұстау үшін таза ауыз суға және қант қосылмаған табиғи сусындарға басымдық берген жөн.
ҚАНДАЙ ПАЙДАЛЫ БАЛАМАЛАР БАР?
Қант қосылған сусындардың (ҚҚС) орнына пайдалы әрі табиғи сусындарды таңдаңыз. Олар шөлді қандыруға және қантты шамадан тыс тұтынуды азайтуға көмектеседі.
-Газдалған сусындардың орнына- лимон, жалбыз немесе қияр қосылған таза су ішіңіз.
-Тәтті шырындардың орнына - қант қосылмаған компот немесе сумен сұйылтылған табиғи шырын таңдаңыз.
-Энергетикалық сусындардың орнына - шөп шайын немесе кәдімгі ауыз суды ішіңіз.
-Қант қосылған шайдың орнына - қантсыз шай ішіп, дәмін жақсарту үшін жемістер немесе даршын, зімбір сияқты дәмдеуіштер қосыңыз.
ДӘРІГЕРЛЕР ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕДІ?
-Тағамдар мен сусындардың құрамындағы қанттың тәуліктік мөлшерін 5–10 шай қасықтан асырмау ұсынылады.
-2 жасқа дейінгі балаларға тәтті сусындарды ішу ұсынылмайды.
ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУҒА БОЛАДЫ?
-Үйде тәтті сусындарды сақтамаңыз және балаларға қантты шамадан тыс тұтынудың денсаулыққа зиянын түсіндіріңіз.
-Мектептерде «Тәтті сусындарсыз күн» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырыңыз.
-Су ішуді пайдалы әдетке айналдырыңыз: су құйылған құмыраны немесе бөтелкені әрдайым қолжетімді жерде ұстаңыз.
-Медицина қызметкерлері ата-аналармен және балалармен ауыз судың пайдасы мен тәтті сусындарды шектеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
-Тәтті сусындарды таңбалау және оларға салық салу жөніндегі бастамаларды қолдаңыз.
ШӨЛДІ ҚАНТ ЕМЕС, СУ ҚАНДЫРАДЫ! СУ - ӨМІР СҮРУГЕ ҚАЖЕТ ЕҢ ЖАҚСЫ СУСЫН!
Отбасыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз - тәтті сусындардың орнына таза ауыз суды таңдаңыз!
 
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2026 в 09:14