Меню KDT
Платформа туралы Шешімдер Серіктестерге Байланыс
RU

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Көптеген аурулар атмосфераның ластануынан, ауыз судың сапасыздығынан және химиялық өңдеуден өткен тағам өнімдерін тұтынудан туындайды.
Ластанған ауыз су адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Судың құрамында қауіпті химиялық заттар, ауру тудыратын микроорганизмдер мен бактериялар болуы мүмкін. Олар улану мен жұқпалы аурулардың пайда болуына себеп болады.
Қауіпсіз тамақтану
Ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну кезінде де абай болу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілері өсімдіктердің өсуін ынталандыратын тыңайтқыштарды көп мөлшерде қолданады. Бұл өнім сапасына кері әсер етуі мүмкін.
Шудың адам ағзасына әсері
Қатты шудың үнемі әсер етуі есту қабілетінің төмендеуіне және басқа да бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, құлақтың шуылдауы, бас айналу, бас ауруы, шаршаудың артуы, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Сонымен қатар гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және басқа да аурулардың дамуына ықпал етеді.
Тағы нені есте сақтау қажет?
Үй немесе пәтер салу, жөндеу кезінде экологиялық таза құрылыс материалдарын сатып алған жөн. Олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін материалдарға қарағанда қымбатырақ болғанымен, адам денсаулығы үшін маңызы зор.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігі
Тіпті киетін киімімізге де назар аудару маңызды. Қазіргі таңда киім мен аяқ киім өндірісінде денсаулыққа зиянды материалдар жиі қолданылуда.
САУ ПЛАНЕТА – ДЕНІ САУ АДАМДАР!
 
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2026 в 09:27