
27қыркүйек - Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 5-6 "А" сынып жетекшісі Байменова А.М аталған тақырыпта мазмұнды сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың алдына мақсат қоя білуге, алға қойылған мақсаттың орындалуына, нәтижелі жетістікке жету жолында адал еңбек атқару керектігін түсіндіру. Сынып сағатынан оқушылар ерекше әсер алды.
18.10.2023

27.09.2023 ж сағат 11:50 мектепте терроризмге қарсы мінез-құлықты, сондай-ақ жасалған терроризм актісі кезіндегі іс-қимылдарды әзірлеу бойынша мектеп оқушыларын оқу эвакуациясы жүргізілді. Эвакуация нұсқаулыққа және ТЖ кезінде эвакуациялау ережелеріне сәйкес өтті. Барлық оқушылар мен қызметкерлер белгіленген мерзімде эвакуацияланды. Эвакуациялау уақыты: 2 минут 55 секунд Оқушылар саны: 52 Мұғалімдер: 27 Тех .қызметкерлер 15
18.10.2023

5-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстан- менің жарқын болашағым» жалпыұлттық байқауы бойынша қазақ тілі пәнінен эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мектепішілік кезеңіне мектебімізден 8 «А» сынып оқушысы Бектемирова Диана қатысып, жүлделі І орын иеленді, II орын 6 сынып оқушысы Жансейт Санжар, 9 сынып оқушысы Мұстах Айзара, III орын 6 сынып оқушысы Аманжол Әділбек, Қабыш Ердос ие болды. Құттықтаймыз!
18.10.2023

Қыркүйектің 25 -і күні бүкілмектепттік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1.Тегін тамақтану (Әлеуметтік педагог Тим Серікжан) 2.Оқушылардың kundelik.kz/ арқылы бонус жинау туралы ( Halyk bank меңгерушісі Амбицкая Н.А) 3.Мектепте "Ата аналар қауымдастығы орталығының құрылуы" мақсат,міндеттері жайлы түсіндірме жұмыстары,сауалнама ( Нурсеитова Д.Н тәрбие ісіжөніндегіорынбасары) 4.Пилоттық жоба "Komek Stop bulliyng " Буллингті бірге тоқтатайық(педагог- психолог Н.О Агеева) 5. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу , электронды темекі (Вейп тұтыну) алдын алу, түнгі рейд . (ИДН Сандыбаева А.Ә, учаскелік инспектор Байменов Т.Б) #Біртұтас_тәрбие
18.10.2023

25 қыркүйек күні мектеп психологі Агеева Н.О және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсеитова Д.Н ұйымдастырумен "Буллингті бірге тоқтатайық!" АЖ "Komek Stop Bullying" пилоттық жобасы аясында 5-11 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды шешімі жоқ кезінде және қиындықтар болса өз қиындықтарымен бөлісетін , ешкім болмаған жағдайда көмекке келетін барлық қабаттарда QR код ілінетіні ескертілді.
18.10.2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарының ар-ұят: халқына адал қызмет ету. Еңбек күнін мерекелеу жоспарына сәйкес "Адал еңбек- адал қызмет" тақырыбында бейнебаян ұйымдастырылды.Мақсаты-оқушылардың еңбек құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адал еңбекке баулу,кәсіптік білім беру,білуге,жаңаны тануға құштар болу. Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Нәтиже: адал еңбекті құрметтейді.
18.10.2023

2023 жылдың 20қыркүйек күні Тельжан орта мектебінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын Республикалық балалар оқулары байқауың аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, отандық және шетелдік әдебиетті, сондай-ақ жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 8сынып оқушысы Толегенов Нияз . Жетекшісі: Садыкова А Ж Құттықтаймыз!!!
18.10.2023
ТУҒАН ТІЛІМ - БАБАМ ТІЛІ - ӨЗ ТІЛІМ!!! ҚР ОАМ РҚББОӘО ұйымдастыруымен 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында Мектеп парламенттері арасында өткізіліп жатқан Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Туған тілім – бабам тілі – өз тілім" республикалық челленджіне Чернигов орта мектебі оқушылары да үн қосады. Туған тілім -БАБАМ ТІЛІ -өз тілім, Туған тілім- АНАМ ТІЛІ - өз тілім. Туған тілім -ДАЛАМ ТІЛІ- өз тілім, Туған тілім -АДАМ ТІЛІ - өз тілім . #Біртұтас_тәрбие
18.10.2023

Биылғы оқу жылының басты ерекшелігінің бірі тәрбие жұмысы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтары негізінде жүзеге асырылып, адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сонымен қатар биылғы жыл 9 ай 9 іс-шара, 4 тоқсан- 4 өнер жобалары бойынша іс шаралар өткізілуі жоспарланып отыр. Мектепте осы Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша сынып жетекшілермен тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Н Нурсеитова түсіндірме сағатын, отырыс өткізді.
18.10.2023

«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағарту жобасының І тоқсан «Ақындар айтысы» жоспарына сәйкес 19 қыркүйек күні 6-7 сынып оқушылар арасында «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы » тақырыбында пікірталас, дебат өткізілді. Бүгінгі дебатта екі топ ұлы қазақ елінің айтыс өнерінің қазіргі және келешектегі өзекті мәселелері бойынша пікірталасты. Дебатта білім алушылардың айтыс өнеріне деген көзқарасы талқыланды. Сөз қадірін білген қазақ халқының құндылықтары жайлы
18.10.2023

#Біртұтас_тәрбие #Атаулы_күндер #Жеткіншектің_жеті_жарғысы #Тілдер_онкүндігі Төле би Әлібекұлының 360-жылдығына орай қазақ тілі сен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садыкова А.Ж 8-9 сынып оқушыларымен «Төле би мұраты - ұрпаққа байлық » атты әдеби іс-шара өткізді. Мақсаты:Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіріп, мәлімет беру,оқушылардың ойын,тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілікке, елін,жерін қорғауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларды екі топқа бөліп, 1 топ " Туралықты тура еткен Төле би", 2 топ "Төле би қазақтың данагөй абызы" болып сайысқа түсті.Іс-шара 4 айналымнан бойынша жүргізілді. 1) "Ойлан тап" әдісі, 2)"Болжамдар " ағашы,3) "Билердің шешендігі", 4) "Рөлдік ойын" .
18.10.2023

2023 жылдың 18-ші қыркүйек күні 3-4 сынып оқушыларына арналған "Мен өз елімді жақсы көремін!" зияткерлік ойынының аудандық кезеңі өтті. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының назарын ел өміріне, тарихтың даңқты беттеріне аудару. Өз білімдерін сынауға 3-4 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 2 орынға Арман Нурридин ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Нурриденге сәттілік тілейміз. Жетекшісі : Бегалина Қ.А Құттықтаймыз!!!
18.10.2023
Найдено новостей: 103977. Показано с 17601 по 17616